30.01.2009, 18:40 3220

Рудныйда жалға берілетін бірінші көп қабатты үй ашылды - газет

Рудныйда жалға берілетін бірінші көп қабатты үй ашылды - газет

Қостанай. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Рудныйда жалға берілетін бірінші көп қабатты үй ашылды. Бірақ әзірге ол үйде кім тұратындығы анықталмаған, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Рудный қаласындағы тоғыз қабатты аз отбасына арналған үй 10 жылдан астам бос тұрған. Оны мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес жөндеуден өткізді. Қаңырап бос тұрудың зардаптарын қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстарына 260 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны