19.10.2018, 19:47 5175

Рухани келісім күніне орай Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2018 жылдыӊ 18 қазанында Астанада "Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жыл сайын 18 қазанда әлемніӊ көптеген елдерінде аталып өтілетін Рухани келісім күніне орайластырылған.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 18 қазанында Астанада "Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жыл сайын 18 қазанда әлемніӊ көптеген елдерінде аталып өтілетін Рухани келісім күніне орайластырылған.

Осыдан 26 жыл бұрын 1992 жылы 18 қазанда Бірінші Дүниежүзілік Рухани келісім Конгрессі өтті.Адамзат тарихында алғаш рет барлық діндер өкілдері, рухани қоғамдық ұйымдар, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бір үстел басына жиналды.Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ мемлекетіміздіӊ тәуелсіздігініӊ қалыптасуыныӊ алғашқы жылдарынан бастау алған бұл мереке, бүгінде жыл сайын татуласу жолын іздеу, адамдар арасында өзара түсіністік орнату, мейірімділік пен өз жақындарына көмек көрсету күні ретінде атап өтіледі.

"Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге"атты конференцияда конфессияаралық қатынастар,Қазақстанныӊ конфессияаралық және ұлтаралық тәжірибесініӊ бірегей моделі, сондай-ақ "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген Қазақстанныӊ бірлігін нығайту саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына уәкілетті мемлекеттік органдардыӊ басшылары мен Қазақстан діни бірлестіктерініӊ өкілдері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық және мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР ҚДМ ҚКК Мәдениет және діндер халықаралық орталығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны