05.04.2018, 23:12 8773

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы шеӊберінде "U 38" университеттер альянсы "Алматы қаласы жайлы 100 қызықты дерек" жобасын іске қосты

Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде "U 38" университеттер альянсы өлкетанушы-этнографтар клубыныӊ бастамасымен "Алматы қаласы жайлы 100 қызықты дерек" атты бірегей жоба бастау алды

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде "U 38" университеттер альянсы өлкетанушы-этнографтар клубыныӊ бастамасымен "Алматы қаласы жайлы 100 қызықты дерек" атты бірегей жоба бастау алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"U 38" Университеттер Альянсы өлкетанушы-этнографтар клубыныӊ жетекшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыӊ тарих, археология және этнология факультетініӊ деканы Меӊдігүл Ноғайбаеваныӊ айтуынша, туған өлкені зерттеу саласындағы маӊызды әлеуметтік тәжірибеге жастарды тарту бұл бастаманыӊ негізгі мақсаты.

Ол өз сөзінде: "Құрамында тарихшы ғалымдар - археология, өлкетану және этнография салаларыныӊ мамандары бар біздіӊ жобаға бүгінніӊ өзінде бірнеше мыӊ алматылық оқушылар мен студенттер тартылған", - деп атап өтті.

"Жастар үшін бұл "оқулық шекарасынан" шынайы өмірге шығуға әрі эмпирикалық жолмен, тарихи-өлкетану және этнографикалық іздеулер арқылы тарихқа әрі қала мәдениетіне "жанасуға" мүмкіндік береді. Мұндай үлгі жастардыӊ жасампаз тәжірибесін байытады сонымен бірге туған өлкеніӊ тарихи мұрасын құнттауға әрі қызығушылықтарын дамытуға септігін тигізеді".

"Алматы - бұл мыӊжылдық тарихы бар қайталанбас қала. Бұл жер архитектураныӊ және мәдениеттіӊ бірегей ескерткіштеріне толы және көне әрі қызықты жерлер шоғырланған. Қала шетелдік және отандық саяхатшылардыӊ туризм орталығы болып табылады әрі мұндай жоба Алматыныӊ жаӊа қырын ашады", - дейді Қазақ спорт және туризм академиясыныӊ доценті, экскурсовод О.Лютерович.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетініӊ доценті Илия Исаева өз баяндамасында студент-еріктілер тобыныӊ этнографикалық сипаттағы сауалнаманы жүргізу жұмыстары туралы және олардыӊ Алматыныӊ археологиялық және тарихи картасын жасауға қатысуы жайлы айтып өтті.

М. Базарбаев атындағы №138 гимназияныӊ 11 сынып оқушысы Дінмұхамед Илиасқаров Алматы қаласында пайда болған көше, ғимарат атауларыныӊ тарихы туралы және атақты тұрғындар жайлы жаӊа мағлұматтармен бөлісті. Оқушы айтқандай, мұндай зерттеулер сүйіспеншілікті, құрмет сезімін, патриоттықты оятады әрі жарқын болашаққа деген сенімділікті нығайтады.

Бастау алған жоба қатысушылары қоғамды әрдайым зерттеу барысымен таныстырып отыруды жоспарлауда. Жас өлкетанушылар өздерініӊ әсерлерімен және жаӊалықтарымен әлеуметтік желілерде, соныӊ ішінде интерактивті режимде және басылым беттерінде бөлісетін болады.

Жоба қорытындысы негізінде "Алматы қаласы жайлы 100 қызықты дерек" жинағы жарыққа шықпақ, сонымен бірге оӊтүстік астананыӊ және оныӊ маӊайындағы археологиялық және тарихи ескерткіштердіӊ картасы жасалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны