22.02.2016, 12:20 2823

С.Матаев 300 млн теӊгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінді - Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Ақпараттандыру жөніндегі комитет пен "Қазақтелеком" АҚ-на мемлекеттік саясатты дамыту мен баспа басылымдарына материалдар жариялауға бөлінген 300 миллион теӊгеден аса қаражаттыӊ жымқырылғанын анықтады

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Ақпараттандыру жөніндегі комитет пен "Қазақтелеком" АҚ-на мемлекеттік саясатты дамыту мен баспа басылымдарына материалдар жариялауға бөлінген 300 миллион теӊгеден аса қаражаттыӊ жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған ведомстволар осы мақсатта "ҚазТАГ ХАА" ЖШС және "Ұлттық баспасөз клубы" қоғамдық бірлестігімен келісімдер бекіткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тапсырыс берушілердіӊ басты талаптары тұрғындарға мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпарат тарату және жалпы ашықтықты қамтамасыз ету. Алайда бұл талаптар орындалмады. БАҚ-та жариялануы үшін төленген ақпараттар қоғам үшін жабық түрде жарияланды. Материалдарға қол жеткізу үшін қосымша қаражат төлеу міндеттелді.

Ал, Ақпараттандыру комитеті аударған 80 млн. теӊге көлеміндегі және "Қазақтелеком" аударған 260 млн. теӊге көлеміндегі қаржыны Ұлттық баспасөз клубыныӊ басшысы Сейітқазы Матаев қолма-қол ақшаға айналдырды. Сонымен қатар, тергеу анықтағандай, заӊсыз кәсіпкерлікпен айналысқан Матаев 1,4 млрд. теӊге сомасындағы қаражатты қалтасына басты, 327 млн. теӊге көлеміндегі салық төлемеді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ баспасөз қызметінен. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардыӊ осындай мақсаттарға бөлінген 169 млн теӊге сомасында қаражат жымқыру фактісі де тексеріліп жатыр.

Матаевқа ақша жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр.

Осы қылмыстар үшін мүлкі тәркіленумен бірге 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Бүгінгі күні келтірілген залалдыӊ шығынын өтеу үшін сот санкциясымен Матаевтыӊ мүлкіне тыйым салынды.

Матаев және қылмыстық істіӊ басқа да қатысушыларына тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты процесстік мәжбірлеу шараларын қолдану мәселесі қарастырылуда.

Бүгін берілген пресс-конференция Матаевты қылмыстық жауапкершіліктен бас тарту және тергеудіӊ объективті жүргізілуне кедергі келтіру мақсатында ұйымдастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны