Система Orphus

СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді

27.01.2020, 18:07 3808

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алу бойынша айып тағылды.

Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкцияланды.

Бұдан басқа, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға бағытталған, олар жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны