09.04.2020, 14:35 8304

Сәуір айында 400 мыңға жуық отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алады

396,6 мың отбасы ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 19 млрд теңге көзделген.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Сәуір айында 400 мыңға жуық отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алады.

396,6 мың отбасы ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 19 млрд теңге көзделген.

4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін сараланған.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылардың барлық түрлері белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде іске асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны