21.07.2016, 17:34 4069

Сафар Шәкеевті іздеуге республикалық құтқару жасағы да жұмылдырылды

Алматыда 300-ден астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздеп жатыр. Шаһар тұрғындарына республикалық жедел құтқару жасағы да көмекке келді

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 300-ден астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздеп жатыр. Шаһар тұрғындарына республикалық жедел құтқару жасағы да көмекке келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы ТЖД-дан мәлімдегендей, Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстарына Алматы құтқару қызметі мен полиция қызметкерлерінен бөлек, ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы да тартылған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Біздіӊ құтқару қызметінен алты сүӊгуір мен бір техника жұмылдырылған. Біз қалалық ІІД ұсынған барлық нұсқаны ескеріп, жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Алматы "Құтқару қызметі" ресми өкілі Гаухар Нөкербекова.

Жас жігітті іздеуге шығып жатқан еріктілер қатары күн санап көбейіп келеді.

"Оны аман-есен табамыз деген үміттемін. Соӊғы рет оны 7:30 шамасында Весновка ауданында көрген. Іздеу жұмыстарына атсалысып жатқандардыӊ күн сайын көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Біздіӊ өтінішімізді жерге тастамай, үйлерініӊ шатыры мен жертөлелерін қарап шыққан жандар бар. Бүгін бірнеше ірі компания бізге 10 адамнан жіберді. Сафарды өз еркімен іздеп жатқан қала тұрғындары да бар", - деп мәлім етті еріктілер қозғалысыныӊ ұйымдастырушысы Виктория Момынбаева.

Момынбаеваныӊ айтуынша, Сафар Шәкеевті көргендер бар екен, қазір олармен тәртіп сақшылары әӊгімелесіп жатыр. Алайда олар да нақты ештеӊе айта алмай отырған көрінеді. Еріктілер үшін ендігі мақсат - Сафар Шәкеевтіӊ сағат 7:30-дан кейін қайда бет алғанын білу. Сондай-ақ осы уақыттан сағат 12-ге дейінгі аралықта сол маӊайдан жүріп өткен барлық адамдарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7747 626 48 54; +7701 787 88 87; +7775 478 87 71.

Естеріӊізге салып өтсек, 16 шілде күні түнгі ондар шамасында Алматы қаласыныӊ Медеу аудандық ІІБ-ге белгілі қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтен ұлы Сафар Шәкеевті тауып беру туралы өтініш түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны