01.07.2014, 20:31 3288

"Сахнадан сәлем" фестиваліне 400 адам қатысады - Б. Ұзақов

"Сахнадан сәлем" театр фестивалiне 400 адам қатысады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингi барысында Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Болат Ұзақов мәлiмдедi.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. "Сахнадан сәлем" театр фестивалiне 400 адам қатысады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингi барысында Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Болат Ұзақов мәлiмдедi.

"Сахнадан сәлем" фестивалi биыл екiншi рет өткiзiлiп жатыр. Биыл фестивальдiң ерекшелiгi оны халықаралық деңгейге көтерiп отырмыз. Шет елден сарапшылар мен сыншыларды да шақырып жатырмыз. Осы тұста фестивалiмiздiң деңгейiн жылдан-жылға көтермекпiз. Биылғы қатысатын театрлардың жалпы саны - 13. Оның екеуi шет елден келiп отыр", - деді ол.

Оның айтуынша, бiрiншi театр Дағыстан елiнен және екiншiсi Түркия Республикасынан келмек. Астана қаласынан төрт театр қатыспақ, бiреуi - қуыршақ театры. Қалған 9 театр елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен шақырылған театрлар.

"Бүгiнде шетелдiк қонақтарымыздың барлығы келдi. Шiлденiң 1-6 аралығында барлық қойылымдарды көруге болады. Қуыршақ театрларының қойылымдары сағат 11-де өтетiн болса, драма театрлар қойылымдарын кешкi сағат 16.00-де және 19.00-де көруге болады. 6 шiлде күнi фестивальдiң жабылу салтанаты өтеді", - деп қосты Б.Ұзақов.

Айта кетейiк, "Сахнадан сәлем" халықаралық театр фестивалiнiң ашылу салтанаты бүгiн сағат 12.00-де "Жастар театрының" сахнасында өтпек. Бүгiн Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттiк академиялық қазақ музыкалық драма театры М.Байжиевтiң "Тiл табысқандар" премьерасын көрермен назарына ұсынса, М.Горький атындағы мемлекеттәк академиялық орыс драма театры Л.Агулянскийдiң "Гнездо воробья" премьералық қойылымын көрсетедi.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, келер жылы фестивальге іріктеу ертерек басталады. Б. Ұхақовтың айтуынша талаптар күшеймек.

" Үміткерлер саны көп болды, 14 облыстан да ниет білдірушілер бар. Біз 9 театрды таңдап алдық, шараға 400 адам қатыспақ", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны