22.10.2018, 14:42 6600

Саяси қайраткерлік бағасы айқындалмаған Серәлі Лапин туралы қызылордалық журналист толғауы

Қазір Серәлі Лапин атында Қызылорда қаласында №261 орта мектеп болса, Алматыда "Қалқаман-2" ықшам ауданында бір көшеге аты берілген.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - Туғанына 150 жыл толған Серәлі Лапин сынды тұлғаныӊ қоғамнан алар орнын айқындау маӊызды, деп жазады Қызылордадан Қазақстан Журналистер одағыныӊ мүшесі Жұмабай Байзақұлы. Журналистіӊ мақаласын назарларыӊызға ұсынамыз:

"Өшкенді жаӊғыртып, жаӊаны ата-бабалырымыздыӊ бізге қалдырған асыл қазыналары арқылы дамытуға бағыт берерлік Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар; Рухани жаӊғыру" мақаласында "Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атауыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана болған, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", деп атап көрсеткен болатын.

Сондай елі білгенімен, саяси қайраткерлік бағасы айқындалмай жүрген азамат әӊгімемізге арқау болмақ.

Перовск уезіне қараған Кеӊтүп болысына жататын қазіргі Бесарық, Қоғалыкөл ауылдарыныӊ аумағында Лапиндер әулетіне байланысты жер атаулары көптеп кездеседі.

Қорасанға қой айтып, әулие жағалап жүріп, ақсарбас атап ат арқасына мінген Лапыныӊ Мұӊайтпасы еті тірілігініӊ арқасында ел басқару ісіне ерте араласады.

Көне тарих Тораӊғылсай деп таныған Жаӊадарияныӊ оӊтүстік беті, Қызылқұмныӊ етегінде Мұӊайтпас аталатын алқап пен ондағы "Алақашар" көлдер жүйесі осы Мұӊайтпасқа байланысты атаулар.

Бердіқожа сумұрын Өмірбек би мен Қалқаман сумұрын екеуі арасында жер дауы болып, биге жүгінеді.

"Осы өлкеге кім су шығарып игерсе сол жерге иелік жасасын", - деп пәтуа етіледі.

Батысқа қарай ағып жатқан Тораӊғылсай арнасынан саға тартып Мұӊайтпас бастаған азаматтар мен мұрабы құрлыққа су шығарып, өзектіӊ ағысына қарама-қарсы баытта он- он бас шақырымға созылған су сай-саланы қуалап көл пайда болады. Су сағасына құрбандыққа шалынған алақашардыӊ атымен көл "Алақашар" көлі аталып кетеді.

Күні кешеге дейін айналасынан атты адам көрінбейтін қалыӊ қамысты, нулы өлке Қоғалыкөл Бесарық халқыныӊ малына қыста пана, жазда жайылымдығы болған шұрайлы өлке, соӊғы екі-үш жыл көлемінде ғана су азайып күйі тая бастады.

Малы мен жаныны береке дарыған Мұӊайтпастыӊ үш әйелінен тараған он тоғыз ұл-қыз осы өлкеде туып, ер жетіп, алашқа қызмет ету үшін әлемніӊ түкпір-түкпіріне тарап жатты. Болыстыӊ балалары алды Алмания, Ресейде білім алған өркөкірек, барам деген жеріне барған, алам дегенін алған кілеӊ "сен тұр, мен атайын" атпал азамат болып өсті. Мұӊайтпастыӊ үлкен ұлы Сейдәлі. Сейдәлініӊ бөркіндей бөрік киіп, астындағы атыныӊ ажары асып түскен жолаушы болсын ауыл ағайыны болсын атынан аударып алып "Сен Сейдәлі болам деп пе едіӊ", - деп жаяу жіберетін.

Ауыл үстінен есегі ақырған жолаушы да жазасыз қалмайтын. Тіпті Гержоттыӊ қапас түрмесінде атылар сәтін күтіп жатқанда "Тектініӊ тұқымы ғой мен-ақ атылайын" - деп Сейдәлі Лапинніӊ орнына "мен" деп шыққан ауылдас жамағайынын қағып жіберіп, "Сен Сейдәлі болам деп пе едіӊ" - деп кеудесін оққа төсеген өр тұлғалар жайлы бұл өлкеде әлі аӊызға бергісіз әӊгімелер әлі де бар.

Қазақтыӊ атын әлемге танытқан "Қыз Жібек" фильмініӊ режиссері Сұлтанахмет Қожықов та осы Мұӊайтпастыӊ қызы Ләтипаныӊ ұлы екені көп нәрсені аӊғартса керек.

"Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе" демекші сол тоғыздыӊ бірі Серәлі Мұӊайтпас Лапин жайлы аз-кем әӊгіме етелік.

Серәлі 1868 жылы Перовск уезі, Кеӊтүп болысыныӊ 4-ші ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған зерек бала білімін көтеру үшін үнемі талаптанды. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын, 1891 жылы Санк-Петербург университетініӊ заӊ факультетін бітірген соӊ Самарқан әскери губернаторыныӊ аудармашысы, Түркістан өлкесінде түрлі әкімшілік орындарда қызмет ете жүріп, халық мүддесін қорғауды өзініӊ басты міндеті санады.

Жан-жақты білім иесі сәулет өнері мен оныӊ сырын зерттеумен жүйелі түрде айналысады.

Лапинніӊ қызмет тізімінде мынандай белестер бар: ол 1889-1892 жылдары Ташкенттегі Түркістан мұғалімдер семинариясында орыс оқушыларын жергілікті тілдерге жаттықтыратын репетитор, 1892 жылдан Самарқан облысы әскери губарнаторы жанында аудармашы, 1901 жылдан үзілістермен 1917 жылға дейін Самарқан, Сырдария облыстарында адвокат болды. Осы жұмыстарды атқара жүріп, Серәлі Мұӊайтпасұлы еліміздіӊ тарихында алдымен шығыстанушы, одан ағартушы және қоғам қайраткері ретіндегі өзіндік елеулі орны бар тұлға болып қалыптасты.

Лапин араб, парсы, т.б. шығыс тілдерін білген. Ол зайырлы шығыстанушы ғылымында тұӊғыш рет Гури-Эмир, Регистан, Шаһи-Зинда кешендеріндегі, Көкілташ медресесі және т.б. көне архитектуралық ескерткіштертегі арабтыӊ көне сюльси және зюльфи емлелерімен өрнектелген көркем жазуларды (эпиграфикаларды) оқыды, оларды орысшаға аударып ғылыми айналымға қосты. Жәдігерліктердіӊ тұрғызылған уақытын, оларды салдырған адамдардыӊ сәулетшілердіӊ есімдерін (мысалы Регистан ансамбліндегі Шер-Дор, Тилля-Кари медреселерін әйгілі қазақ қайраткері және жауынгері Жалаӊтөс батырдыӊ салдырғанын) анықтады. Серәлі Мұӊайтпасұлы, сондай-ақ "Шаһнама", "Туһрат әл-Хани" дастандарыныӊ парсы тіліндегі қолжазбаларын тауып, шығыстану ілімі айналымына қосты.

Лапин Шаһи-Зинда (Тірі патша), араб қолбасшысы ибн Куссам жайында ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіліп айтылып жүрген аӊыздарды ел аузынан жазып алып қалдырды. Халық ағарту ісіне (өлкеде қазақ мектебін ашуға, онда сабақ беруге) атсалысты. Ал оныӊ 1895 жылы Самарқанда жарық көрген "Самарқан қаласыныӊ тарихи ескерткіштеріндегі жазулардыӊ аудармасы" және "Орыс-өзбек қалта сөздігі. Түркістан өлкесіндегі отырықшы түземдіктермен күнделікті тұрмыстық әӊгімеге арналған 4000 сөз, өзбек тілініӊ қысқаша грамматикасы қоса тіркелген" деп аталатын кітапшалары Ресей шығыстану ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Серәлініӊ аталған сөздігініӊ қайта басылымы 1914 жылға дейін төрт рет жарық көрген екен. Ол түркі халықтарыныӊ (қазақ, өзбек, қырғыз т.б.) атауларын дұрыс қолдану жөнінде "Түркістан ведомостары", "Орынбор парақшасы" беттерінде 1900-1904 жылдары әлденеше рет мәселе көтерді. Оныӊ шығыстану, түркітану саласында өзіндік қолтаӊбасын көрсеткен жұмыстарына кезінде әйгілі ғалымдар В.Л.Вяткин, В.В.Бартольд, Н.И.Веселовский, В.В.Розен назар аударып, пікір білдірді.

Өлкедегі зиялылар Лапинді халықтыӊ түбегейлі мүдделерін тереӊ білетін қорғаушысы ретінде таныды. Сондықтан оны алғашқы Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлау үшін кандидаттықта ұсынды. Кейін оған қазақ секілді бұратаналарды сайлау және сайлану құқығынан айырған әйгілі "3 маусым төӊкерісінен" кейін, түркістандықтардыӊ мұӊ-мұқтажын Думаға жеткізетін өкіл болуды тапсырды. Соған байланысты ол 1908 - 1910 жылдары Санк-Петербург қаласында тұрып, 3-Мемлекеттік Думаныӊ Мұсылман фракциясыныӊ ұйымдастыру бюросында қызмет етті.

Осында 2-Мемлекеттік Думаныӊ мүшесі Бақытжан Қаратевпен бірге 1908 жылғы сәуірде мұсылмандардыӊ діни істері мен діни мекемелері туралы және 1908 жылғы маусымда - қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі заӊ жобаларын дайындады. Жер-су хақындағы қазақ мүддесін қорғайтын осы заӊ жобасын Думадағы түрлі фракциялардан 60 депутат (мұсылман, октябрист, кадет, трудовик) қолдаған болатын, бірақ үкіметтіӊ Жер өӊдеу және жерге орналастыру бас басқармасы оған негіз етілген қағидалармен келіспейтіндіктерін білдіріп, қарсылық көрсеткендіктен, жоба Мемлекеттік Думаныӊ талқылауына салынбады. Қазақтыӊ шұрайлы жерлерін орыс мұқтаждықтары үшін кесіп алу жалғастырыла берді.

Сонда Лапин мұндай ахуалдан әлі де сағын сындырмай, халық мүддесіне қызмет етудіӊ одан басқа, қолданыстағы заӊдар ауқымына орындалуы мүмкін бір жолы ретінде. Түркістан генерал-губернаторыныӊ рұқсатымен, қазақ арасында сауда-экономикалық серіктестік құрды (Ол 1910 жылы ашылып, түрлі кедергілерге байланысты көп қанат жая алмай, 1913 жылы жұмысын тоқтатты). 1912 жылы Санк-Петербург оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық студенттерге көмек көрсету қоғамыныӊ жұмысына қатысты. Қоғамныӊ жиналысына 1913 жылы Түкістан халық-ағарту ісініӊ жай-күйі туралы баяндама жасады. Сан-Петербургтегі құрылысы Романовтар Үйініӊ патшалық құруыныӊ 300 жылдығына аяқталған мұсылман мешітін салу ісіне атсалысты. 1914 жылы Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, патша үкіметініӊ ағарту және діни салаларындағы саясатын сынады.

1917 жылғы Ақпан революциясыныӊ нәтижесінде патша өкіметініӊ құлуын С.Лапин зор қуанышмен қарсы алды. Ол қалыптасқан саяси ахуал Түркістанныӊ саяси бостандығына қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп түсінді. Сол себепті Уақытша үкіметке барынша қолдаушылық танытып, оныӊ жергілікті органдарын құруға белсене қатысты. Жергілікті халықтыӊ мүддесін қорғау мақсатында құрылған ұлттық ұйым - "Шуро-и-ислам" (Ислам кеӊесі) ұйымына мүше болып кірді.

Бірақ көп ұзамай С.Лапин "Шуро-и-ислам" ұйымынан қол үзіп, өз алдына бөлек ұйым құру жолына кіріскен-ді. Ол өзініӊ мұндай қадамға баруын "Шуро-и-ислам" ұйымы мен Түркістан өлкесі мұсылмандарыныӊ кеӊесініӊ жергілікті халықтыӊ мүддесін қорғауда мұсылмандық, исламдық идеяларды басшылыққа алмауымен байланыстырды.

1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласына өлкелік төртінші төтенше мұсылмандар съезі өз жұмысын бастады. Сол съезге 250-ден астам делегат қатысты. Съез үш күн жұмыс істеп, Түркістан өлкесі халықтарыныӊ өзін-өзі билей ықыласынан туған Түркістан автономиясын жариялады. Түркістан Құрылтайы шақырылғанға дейін саяси биліктіӊ Түркістан Уақытша кеӊесіне өтетіндігі жөнінде қаула қабылданды. Түркістан Уақытша кеӊесіне 54 адам сайланды. Олардыӊ қатарында С.Лапин да болды.

Сонымен, Түркістанда қос билік орнап, оныӊ алғашқысы кеӊестік негізде құрылып, еӊ алдымен, ресейлік қоныс аударушылардыӊ мүддесін көздеп, солардыӊ жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндіктерін білдірсе, соӊғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық қоғамдарды негізге ала құрылып, жергілікті халықтыӊ өзін-өзі басқару құқығын баянды ету мақсаты екендігін жариялады. С.Лапин өлкеде большевиктер үкіметі мен ұлттық Түркістан автономиясыныӊ қатар өмір сүруі қантөгіске әкеліп соқтыратындығын жақсы түсінді. Соған орай осы екі биліктіӊ өзара ымыраға келуін жақтады. Осы мақсатта С:Лапин 1918 жылы 10 қаӊтарда Ташкентте мұсылмандар митингісін ұйымдастырып, өлкелік Халық комиссарлар кеӊесі мен Түркістан автономиясы арасындағы текетірестен тек қарапайым халық зардап шегеді деп мәлімдеп, бұл екі билік өкілдерін бірлесіп, халықтық өкімет құруға шақырды.

Алайда өлкелік Халық комиссарлар кеӊесі С.Лапинніӊ ұсыныстарына құлақ аспай, өлкеде большевиктік биліктіӊ ғана салтанат құруын жақтап шықты. Соныӊ нәтижесінде қару күшімен Түркістан автономиясын таратып, Қоқан қаласын қанға бояды. Кеӊес өкіметі әскерлерініӊ қанды қырғыны нәтижесінде Қоқан қаласыныӊ төрттен үш бөлігі қиратылды, сан мыӊдаған адам өлді. Сол тұста Түркістанда болған ағылшын барлау қызметініӊ өкілі М.Бэйли өз үкіметін берген құпия мәліметінде: "Қоқандағыдай қырғынды ортағасырлық монғол шапқыншылары да жасамаған. Қалада 14 мыӊнан астам адам өлтірілді. Мұсылман кітапханасы толығымен өртелді", - деп жазды.

Қоқан автономиясын қиратқан соӊ большевиктер өкіметі ұлтазаттық қозғалыс қайраткерлерін қуғындауды қолға алды. Өлкеде қалыптасқан мұндай ахуал жағдайында С.Лапин Түркістанныӊ азаттығы үшін күресін шетелде жалғастыруға ұйғарым жасады. 1918 жылы шілдеде С.Лапин Түркістан лагерьлеріндегі соғыс тұтқындары мәселесімен шұғылданып жүрген Германия комиссиясы өкілімен байланыс орнатып, одан өзін Германияға өткеріп жіберуді өтінді. Бұл комиссия өкілі С.Лапинді қажетті құжаттаремн қамтамасыз етіп, Мәскеуге аттандырды. Онда неміс консулдығыныӊ көмегімен Түркия азаматтығын қабылдап, Псков арқылы Германияға өтіп, 1918 жылдыӊ 20 қыркүйегінде Берлинге келді.

С.Лапин Германияға келген соӊ 1918 жылы 25 қыркүйек күні Германия Бас штабыныӊ өкілі лейтенант Эльснермен жолығып, оны Қазан төӊкерісінен кейін Түркістанда қалыптасқан саяси ахуалмен таныстырып, Түркістан халқына большевиктер үстемдігіне қарсы күресуде Германияныӊ көмек көрсетуін сұрады. Мұнан соӊ С.Лапин Германия Сыртқы істер министрлігіне өзініӊ Берлинге келу себебін түсіндірген хат жолдады. Бұл хатта ол өзін Түркістандағы еӊ беделді ұйымдардыӊ бірі - "Шуро-и-уламо" ұйымыныӊ жетекшісі, Түркістан автономиясы парламентініӊ мүшесі ретінде таныстырып, Түркістандағы кейбір саяси мәселелер бойынша келіссөз жүргізу үшін 6 миллион болатын Түркістан мұсылмандарыныӊ атынан өкіл болып келгенін мәлімдеп, Германияныӊ Түркістанға әскери көмек көрсетуін өтінді.

Искери экспедицияны ұйымдастыруда С.Лапинніӊ ұсынуынша Каспий теӊізінен өткен әскер екіге жарылып, Ашхабад пен Бұқараны бетке алып, екіншісі Перовск пен Ташкент бағытында жылжып, ол топтар өз жолында жергілікті халық өкілдерімен толыға түсуі тиіс болды. Жоспарға сәйкес бұл екі топ Самарқан қаласы маӊында тоғысатын болып белгіленді. Экспедицияны жабдықтау мен басқару Германияға жүктелді. С.Лапин өз жоспарында Германия мен Австро-Венгриядағы соғыста қолға түскен мұсылман тұтқындарды пайдалануды да назардан тыс қалдырмады. Ол бұл тұтқындарды болашақта құрылуы тиіс түркістандықтар армиясында әскери нұсқаушылар ретінде пайдалану қажет деп есептеді.

Бірақ та бұл С.Лапинніӊ ұсынысына неміс үкіметі мүлде көӊіл бөлмеді дегенді білдірмесе керек. 1918 жылы 22 қарашада Сыртқы істер ведомствосыныӊ өкілі Харальд Козак С.Лапинніӊ ұсынысын елдіӊ жағдайы оӊалғанда көӊіл аударуға тұрарлық екен деп бағалап, ол жөнінде үкіметке мәлімдеме түсірді. Алайда, Германия үшін 1918 жылдыӊ соӊына қарай жағдай барынша ауырлай түсіп, үкіметтіӊ С.Лапин ұсынысына назар аударуына мұршасы болмады. Оныӊ үстіне С.Лапин осы жылдыӊ 17 желтоқсанында ауруға шалдығып, ауруханада жатты. Араға бір айдай уақыт салып С.Лапин қапияда көз жұмды.

Қазір Серәлі Лапин атында Қызылорда қаласында №261 орта мектеп болса, Алматыда "Қалқаман-2" ықшам ауданында бір көшеге аты берілген.

Артында қалған екі қыз, бір ұлдан тараған ұрпақтар Ташкент, Израильде елден жырақта ғұмыр кешуде.

Бауырларыныӊ екеуі Сейдәлі мен Илиасқар қандықол Гержоттыӊ ылаӊыныӊ құрбаны болған Серәлі Лапин Кеӊес өкіметін қабыл алмады. Өмір жолындағы саяси қайраткерлік жұмысы Кеӊес өкіметіне қарсы бағытталғандықтан Кеӊестік жүйе оныӊ қызметін өз дәрежесінде бағасын бере қойған жоқ. Серәлі Лапинніӊ Ташкент, Самарқан архивтерімен, жүрген жолы, ғылыми жұмыстары жүйеленіп кейінгі ұрпаққа жеткізу. Ол өскен орта Мұӊайтпас басқарған Кеӊтүп болысындағы қазіргі Қоғалыкөл ауылына есімін беру, Лапиндер әулетіне күйеу болып келетін алғашқы әліпбиін жазушы, ағартушы ғалым Қоӊырқожа Қожықовтыӊ есімін осы ауылдағы мектепке беру де ол өскен ортаныӊ мәртебесі айқындай түсер еді. Жоғарғы, арнаулы оқу орындарында ғылыми жұмыспен айналысам деушілерге бұл әулет туралы зерттейтін, зерделейтін мол мағлұматтар да жетерлік. Жүйелі жұмыс жылжып кетсе, туғанына 150 жыл толған С.Лапин сынды тұлғаныӊ қоғамнан өз орны айқындала түсері анық, деп жазады Жұмабай Байзақұлы, Қазақстан Журналистер Одағы мүшесі мынадай пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасап: Б.Қойшыбаев "Тарих тағылымы", Э.Изіретбергенова "Түркістанныӊ тәуелсіздігін ту еткен".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны