26.07.2007, 13:11 2536

Саяси партияларға арналған интернет-форум аясында сайлаушылардан 100-дей сауал келді

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. "Саяси партияларға арналған интернет-форум" жобасы аясында ел парламенті мәжілісінің сайлауына қатысушы Қазақстанның жеті саяси партиясының атына сайлаушылардан 100-дей сауал келді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен партияларға 100 жуық сауал келіп түсті, қандай сұрақтарға жауап беру қажеттігін партиялардың өздері шешеді, әр партияның барлық сауалға да толық жауап беруге мүмкіндігі бар", - деді С. Сәрсенов. "Біздің іске қосқан тетігімізге сәйкес, егер олар 31-шілде мен 8-тамыз аралығында Қазақ радиосының тікелей эфирі кезінде толық жауап беріп үлгермесе, онда біз барлық жауаптарды біздің порталда орналастыра аламыз", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жуырда саяси пікірталастардың форматын мейлінше кеңейтіп, саяси партияларға өздерінің сайлау алдындағы тұғырнамаларын насихаттауға қосымша мүмкіндіктер беру үшін Орталық сайлау комиссиясы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп сайлауға қатысушы саяси партияларға электронды үкіметтің веб-порталы арқылы сайлаушылармен байланысқа шығуды ұсынғанын хабарлады. Онда азаматтар саяси партияларға өз сауалдарын бере алады.

Өз кезегінде Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің түсініктемесіне сәйкес, 24 шілдеден бастап www.e.gov.kz порталында "қоғамдық қабылдаулар" мен форум ашылды. 31 шілде мен 8 тамыз аралығында саяси партиялардың жетекшілерінің қатысуымен интернет-конференция өтеді, партия өкілдері конференция сауалдарына Қазақ радиосының тікелей эфирінде әр партия бір жарым сағаттан жауап береді деп күтілуде. Біраз уақыттан кейін олардың жауаптары осы сайтта шығады.

Қ.Есекеевтің айтуынша, сайт модераторлары "тіл тигізіп қорлауға бағытталған сауалдарды ғана" алып тастап отырады. "Модераторлар басқа барлық сауалдарды тектемейді, біз тарапынан ешбір саяси жақтаушылық деген болмайды, біз тек модератор ретінде техникалық функция ғана атқарамыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны