29.06.2007, 13:55 2971

Сайлауға бақылау жасау комитеті өз жұмысын қайта жаңғыртты

АЛМАТЫ. 29-маусым. Kazakhstan Today. "Сайлауға бақылау жасау комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігі мәжілістің кезектен тыс өтетін алдағы сайлауына және мәслихат сайлауына байланысты өз жұмысын қайта жаңғыртты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін біздің комитет алғаш рет бас қосты, біз ұйымдастыру мәселелерін алдын-ала қарадық", - деді республикалық қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін журналистермен өткен кездесуде комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов. "Барша ұйымдастыру жұмыстары келесі аптада басталады", - деді ол.

Бірлестік жетекшісінің айтуынша, комитет жұмысының басты мақсаты - "обьективтілік, бейтараптық пен туралық үшін күресу". "Біз додаға түсетін барлық саяси партиялардан, билік пен оппозициядан бойымызды аулақ ұстайтын боламыз", - деп сендірді Қ.Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны