07.04.2015, 14:25 4351

Сайлаушылар тізімдері сайлау учаскелеріне жіберілді

Конституция мен сайлау заӊнамасына сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ он сегiз жасқа толған азаматтары тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Конституция мен сайлау заӊнамасына сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ он сегiз жасқа толған азаматтары тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Ирбір сайлаушыныӊ бұл құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылардыӊ тізімдерін жасайды. Бұл ретте олардыӊ растығына әкімдіктердіӊ лауазымды тұлғалары жауапты.

Азаматты нақтылы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оныӊ осы сайлау учаскесініӊ аумағында тұратын жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

5 сәуірде әкімдіктер жасаған сайлаушылар тізімдері акт бойынша учаскелік сайлау учаскелеріне жіберіледі.

10 сәуірден бастап тізімдер учаскелік сайлау комиссияларыныӊ үй-жайларында танысу үшін ұсынылады және әрбір сайлаушы сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тікелей сайлау учаскелерінде дауыс беру күніне дейін тексере алады.

Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тіркелгенін растайтын құжаттармен (халыққа қызмет көрсету орталықтары беретін мекенжай анықтамасын немесе азаматтарды тіркеу кітабы) келіп, сайлаушылар тізімімен мұқият танысу қажет.

Сайлаушыныӊ тегі тізімде болмаған немесе өзі туралы деректерде дәлсіздіктер жіберілген жағдайда, сайлаушы тиісті құжаттар негізінде өзін тізімге кіргізуді немесе қажетті түзетулер енгізуді талап ете алады.

Ортсайлауком мүмкіндіктері шектеулі азаматтардыӊ сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше көӊіл бөледі.

Олар үшін неғұрлым ыӊғайлы жағдайлар жасау үшін (сайлаушылар тізімімен танысу кезінде және дауыс беру күні) ҚР ОСК мүмкіндіктері шектеулі адамдардыӊ кедергісіз кіруі үшін сайлау учаскелерін құралдармен (арнайы пандустар, тұтқалар және т.б.) жабдықтауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен әкімдіктерге жүгінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны