08.04.2013, 11:05 3834

Сакура ағашы гүлдеді

Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Вашингтонда сакура ағашы шешек атты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алайда, бұрын дәл осы уақытта жайқалып тұратын ағаш биыл әдеттегіден кеш гүлдеді.

Бұл ағашты аймаққа өткен ғасырда, яғни, 1912 жылы Токио мэрі сыйлаған екен. АҚШ-та биыл қыс ерекше суық болғандықтан ағаш кеш бүр жарған. Жапонияда сакураның гүлденгені көптен күткен көктем мезгілінің келгені деген сенім бар. Жергілікті тұрғындар бұл кезеңді назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Сакураның гүлдеу кезеңін тамашалауға тіпті саяхатшылар да келген. Идетте ағаш наурыз айының соңында гүлдей бастап, шамамен екі апта бойы гүлдеп тұрады екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны