10.09.2007, 11:29 1467

Салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады - Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі

Салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақтан облысының басшылығы салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушы фирмаларды тендерлерге жібермейтін болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрғали Ишімов журналистерге арнап өткізілген брифингте мәлімдеді.

"Салған жолдары қыстан жаман жағдайда шыққан фирмалар келесі жылы тендерлерге жіберілмейді", - деп мәлімдеді Н. Ишімов.

Икімнің айтуынша, биыл "республикалық жолдармен қоса жалпы жол салуға 12 млрд теңге бөлінген". "Биыл Шымкентте 60 көше жөнделеді", - деді Н. Ишімов. Ол осы ретте "жол салу жұмыстарының сапасы сын көтермейтіндігіне" тоқталды.

Н. Ишімовтың хабарлауынша, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлеріне жолдардың сапасын тексеруге тапсырма берілді. "Қазір барлық жолдарды қайта бір тексеріп шығып, акт жасап, қажет болған жағдайда наразылық құжатын (рекламация) беру қажет", -деді әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны