26.06.2008, 10:29 1271

Салық кодексінің жаңа жобасы салық қызметі органдарының құқығын кеңейтуді қарастырады - Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Салық кодексінің жаңа жобасы салық қызметі органдарының құқығын кеңейтуді қарастырады - Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Салық кодексінің жаңа жобасы салық қызметі органдарының құқығын кеңейтуді қарастырады. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, құжатта салық салу нысандары және салық салумен байланысты нысандар жөніндегі, сондай-ақ, салықтық міндеттемелердің есептелуі туралы мәліметтерді салық төлеушінің бағдарламалық қамсыздандырудан қарай алу құқығын ұсыну қарастырылған, деді ол. Сондай-ақ, салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалтару мақсатымен мүлікті өз меншігінен айыру бойынша мәмілелерді күшсіз деп тану жөніндегі шағым арыздарын сотқа беру құқығын ұсыну қарастырылған, деп атап көрсетті ол.

"Бақылау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ескертуді 30 жұмыс күнінің ішінде орындамау мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 жұмыс күнінің ішінде банк шоттары бойынша шығындық операцияларды тоқтатуға алып келеді", - деп атап көрсетті Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны