26.06.2008, 10:21 1237

Салық комитеті "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ісі бойынша сот шешіміне Жоғарғы сотта шағымданбақ

Салық комитеті "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ісі бойынша сот шешіміне Жоғарғы сотта шағымданбақ

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ісі бойынша сот шешіміне Жоғарғы сотта шағым түсіруді көздейді. Бұл туралы сәрсенбі күні болған баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ СК төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бірінші іс компанияның трансферттік бағаны қолдануына байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша есептеулерге қатысты болып отыр. Олар өз өнімдерін шетелге сатарда нарықтық бағасынан кейбір жағдайларда үш есеге дейін төмендетіп сатқан", - деп түсіндірді Н. Рахметов. Алайда, трансферттік баға белгілеу заңына сәйкес, мұндай жағдайда салық төлеушінің табысы нарықтық деңгейге дейін түзетіледі де осы шыққан айырмашылыққа корпоративтік табыс салығы қосымша есептеледі", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, бұл сома 1 млрд АҚШ долларын құрайды. "Біз осылайша қосымша есептедік. Ал "Арселор Миттал Теміртау" мұнымен келіспеді, әртүрлі сот орындарында шағым жасады", - деп атап көрсетті ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басшысы.

Н. Рахметовтың айтуынша, екінші сот тартысы еншілес оффшорлық компанияның салығына қатысты. "Арселор Миттал Теміртаудың" өзінің жұмыс істейтін арнайы кестелері бар: ол өз өнімін бірінші еншілес компаниясына сатады. Содан кейін осы еншілес компаниясы өнімді тікелей сатып алушыға жөнелтеді", - деді ол. "Маржа еншілес компанияда қалатыны белгілі жайт және Салық кодексінің 130-бабында осыған байланысты арнаулы жазба бар. Осы жағдайда еншілес компаниямен жұмыс істеудің себебін дәлелдеу үшін оффшорлық компанияның барлық табысы "Арселор Миттал Теміртаудың" декларациясында арнайы жазылып, оған салық салынуы тиіс. Компания олай жасамаған", - деп толықтырды Н. Рахметов.

Оның айтуынша, оффшорлық компанияның табысына салық органдары салық салған. Ол да 1 млрд доллардан асқан.

"Біз соттың кез келген шешіміне бағынамыз. Дегенмен біз өз жұмысымызды соңына дейін жүргіземіз және Жоғарғы соттың бақылау алқасында біз осыған байланысты шағым түсіреміз", - деп сөзін қорытты Н. Рахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны