23.05.2008, 16:07 2937

Салық комитеті сот оның "Арселор Миттал Теміртауға" қатысты жасаған шағымының заңдылығын қолдайды деп үміттенеді

Салық комитеті сот оның "Арселор Миттал Теміртауға" қатысты жасаған шағымының заңдылығын қолдайды деп үміттенеді

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Салық комитеті сот сонда да оның "Арселор Миттал Теміртау" АҚ жасаған салықтық шағымының заңдылығы мен негізділігін қолдайды деп есептейді. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есеп беруін талқылау барысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі сатыда біз Жоғарғы соттың қадағалау алқасында трансферттік баға құру бойынша, ал екінші іске қатысты оффшорлық компания бойынша Қарағанды облыстық сотының қадағалау алқасында шағым жасаймыз. Қолдау табамыз деп үміттенемін", - деді Н. Рахметов.

Ол Салық комитеті компания қызметінің трансферттік баға белгілеуі бойынша тексеру жүргізгенін еске салды. "Арселор Миттал Теміртау" АҚ сауда жасаған баға нарықтағы бағаға қарағанда үш есе төмен болған. Екіншіден, олар оффшорлық компания арқылы сауда жасаған және барлығын сонда қалдырған. Ал бізде заң бойынша еншілес оффшорлық компанияның табыстарына осында, Қазақстанда салық салынуы тиіс", - деп түсіндірді ол.

"Өкінішке орай, қазір соттар бізді қолдамай, жеңіліске ұшырап отырмыз. Олар "Арселор Миттал Теміртау" АҚ компаниясында ұжымдық табыс салығы бойынша жеңілдіктері бар дегенге сілтеме жасайды", - деп түсіндірді Салық комитетінің басшысы.

"Дегенмен, біз компаниядағы салық режимі жеңілдіктері, қалай болмасын, еншілес оффшорлық компанияның табыстарына қатысы жоқтығына сенімдіміз. Екіншіден, бұл трансферттік баға белгілеу бойынша қосымша табыстарға да жарамайды. Салық режимі мен трансферттік баға құру деген екеуі екі басқа нәрсе", - деп атап көрсетті Н. Рахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны