31.05.2023, 16:19 21051

"Самұрық-Қазына" Қорында "Мен - донормын" акциясы өтті

Акция мақсаты - адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және ерікті негізінде донор болуға шақыру
Бүгін Қорда жыл сайынғы "Мен донормын" акциясы өтті. Игі шараға Қордың қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар Астанадағы әкімшілік ғимаратында орналасқан "Самұрық-Қазына" портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері де қатысты, деп мәлім етті Қордың баспасөз қызметінен.

Елордадағы рансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандары барлық қажетті құралдарды Қордың әкімшілік орталағына әкеліп, донорлыққа келген кандидаттарды мұқият іріктеуден өткізді.

Акция мақсаты - адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және ерікті негізінде донор болуға шақыру.

Донорлар 450 мл көлемінде қан тапсырды. Дені сау адам үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді. Зерттеу нәтижелері донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

Бүгінгі шараға 100-ден астам адам қатысып, 50 литрге жуық қан жиналды. Акцияға қатысушылар әрі қарай да ұдайы қан тапсыру арқылы қоғамдағы мұқтаж жандарға көмектесіп отыруға ниет білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны