18.09.2007, 16:36 3217

"Самғау" холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды

"Самғау" ұлтық ғылыми-техникалық холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында холдинг басқармалары төрағасының орынбасары Азамат Ибдімомынов хабарлады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Самғау" ұлтық ғылыми-техникалық холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында холдинг басқармалары төрағасының орынбасары Азамат Ибдімомынов хабарлады.

"Бүгіннен бастап холдингтің сайтында даму стратегиясының жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді", - деді А. Ибдімомынов. Оның нақтылауынша, "Ғаламторға шығуға мүмкіндігі барша жұртшылық өкілдері стратегияның жобасымен танысып қана қоймай, сонымен бірге оған қатысты өз ұсыныстары мен ескертпелерін де бере алады".

Сонымен бірге стратегия жобасы кәсіпкерлік орта өкілдерінен құралған сарапшылардың да талқысынан өтеді. "1 қазанға таман біз мемлекеттік мекемелер, парламент депутаттары мен беделді сарапшылардың қатысуымен одан да ауқымды талқылау өткіземіз", - деді А. Ибдімомынов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны