18.08.2008, 18:54 3136

"Самұрық" холдингі акционерлік қоғамының атқарушы директоры болып Бауыржан Баймұханов тағайындалды

"Самұрық" холдингі акционерлік қоғамының атқарушы директоры болып Бауыржан Баймұханов тағайындалды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" холдингі акционерлік қоғамының жаңа атқарушы директоры болып Бауыржан Баймұханов тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 тамызда "Самұрық" холдингі акционерлік қоғамының басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев холдинг ұжымына жаңа атқарушы директор Бауыржан Амангелдіұлы Баймұхановты таныстырды.

Бауыржан Амангелдіұлы Баймұханов 1971 жылдың 21 шілдесінде Қарағанды облысында туған. Ил-Фараби атындағы ҚазМУ мен Қазақ басқару академиясының нарық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, теміржол және телекоммуникация саласында басқару тәжірибесіне ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны