25.05.2011, 16:55 3475

Самұрық - Қазына қазақтардың шетелде өткізілетін Кіші құрылтайына қолдау көрсететін болады

"Біз шетелдердегі Кіші құрылтайдың өткізілуін құптаймыз. Осыған байланысты бұл құрылтайларға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсететін болады. Қазақстан дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы. Қазақстан - әлемдегі барша қазақтың құтты қара шаңырағы. Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытпауы керек",-деді Елбасы.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Самұрық - Қазына қазақтардың шетелде өткізілетін Кіші құрылтайына қолдау көрсететін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеген.

"Біз шетелдердегі Кіші құрылтайдың өткізілуін құптаймыз. Осыған байланысты бұл құрылтайларға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсететін болады. Қазақстан дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы. Қазақстан - әлемдегі барша қазақтың құтты қара шаңырағы. Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытпауы керек",-деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны