11.12.2007, 19:20 3268

"Самұрық" мемлекттің энергетикалық мүддесін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда

"Самұрық" мемлекттің энергетикалық мүддесін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі мемлекттің энергетикалық мүддесін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға кірісіп кетті. Бұл туралы бүгін, парламент мәжілісінде электроэнергетика саласындағы мәселелерге арналған "дөңгелек үстел" барысында электроэнергетика активтерін басқару жөніндегі топтың директоры Асқарбек Қуанышбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Холдинг мемлекет мүддесін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмысына кірісіп кетті",- деп мәлім етті Асқарбек Қуанышбаев.

Атап айтқанда, оның айтуныша, "қазіргі уақытта холдинг басқаруымен "Екібастұз ГРЭС-2" акциясы қайтарылып, "Қазмырыш" акционерлік қоғамымен Бұқтарма ГЭС концессиялық келісім шартына қатысты қажетті өзара түсіністіктерге қол жеткізілген, сондай-ақ қолданыстағы концессиялық келісім шартына сәйкес өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр".

"Өскемен және Шүлбі СЭС концессиялық келісім шартына тоқталатын болсақ, холдинг осы мәселе бойынша мемлекет мүддесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыруда",- деді Асқарбек Қуанышбаев. "2008 жылы холдинг заң компаниясымен бірлесе отырып, аталмыш концессиялық келісім шарт ревизиясына қатысты жұмыстарды жалғастыруы мүмкін",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны