10.06.2011, 10:25 2344

"Самұрық-Энерго" басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы тағайындалды

Осы қызметті бұдан бұрын атқарған Абитаев Есберген Абитайұлы өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

Астана. 10 - маусым. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Дүйсенбай Тұрғанов "Самұрық-Энерго" басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Осы қызметті бұдан бұрын атқарған Абитаев Есберген Абитайұлы өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

Д.Н. Тұрғанов 1959 жылдың 8 наурызында Гурьев облысында туған. 1981 жылы Алматы энергетикалық институтын аяқтады, инженер-электрик, ал 1991 жылы Мәскеу қаржы-экономикалық институтын үздік бітіріп шығады, инженер-экономист. Техника ғылымдарының кандидаты (2002). "Құрмет" орденімен, "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны