28.02.2012, 15:20 4377

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры тағайындалды

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының бұйрығымен Қанат Мұхаметкәрімұлы Досмұхамбетов аталмыш қордың басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының бұйрығымен Қанат Мұхаметкәрімұлы Досмұхамбетов аталмыш қордың басқарушы директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Досмұхамбетов осыған дейін Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетін басқарған. Енді ол "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының Қаржы және қазынашылық комитетін және қаржы институттарын басқару департаменттеріне жетекшілік ететін болады.

Қ.Досмұхамбетов 1973 жылдың 22-ші желтоқсанында Алматыда туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

Ол еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлтық банкінің Банктік бақылау департаментінің Банктік емес қаржы мекемелерін лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі қызметінен бастаған. Бұдан соң ол Ұлттық банктің Лицензиялауды басқару басқармасының лицензия бөлімінің бас экономисі, Идістеме бөлімінің бастығы, Банктік бақылау департаменті бастығының орынбасары, Үйлестіру басқармасының бастығы, Қаржылық бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2004-2006 жылдар аралығында Қаржылық нарығы мен қаржы ұйымдарын басқару агенттігінің төрағасы лауазымында болды. Одан соң, яғни 2006-2009 жылдары қаржы ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарып, "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2009-2012 жылдары Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетін басқарды. "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасына 20 жыл" медальдарының иегері. Премьер-Министрдің алғыс хаттарының иегері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны