21.01.2015, 11:48 4060

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсету үшін 600 млн теӊге бөледі

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсету үшін 600 млн теӊге бөледі , деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев ОКҚ-да өткен бирфингінде

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсету үшін 600 млн теӊге бөледі , деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев ОКҚ-да өткен бирфингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылы "Самұрық-Қазына"АҚ компаниялар тобы ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсету үшін 130 млн теӊге бөлген болатын, ағымдағы жылы олар 600 млн теӊгеден астам қаржы бөледі. Осы қаражат есебінен біз ардагерлерге шаралар кешені негізінде жан-жақты қолдау көрсетуге ниеттіміз", - деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Д. Қалетаевтыӊ айтуынша, бүгінде Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын атап өтуге арналған жоспары жасақталды. "Ол үкіметтік бағдарламаларды қайталамайды. Бірінші кезекте ҚР ардагерлер ұйымыныӊ орталық кеӊесімен мақұлданған", - деп мәлімдеді Қалетаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны