08.06.2012, 18:09 3069

"Самұрық-Қазына" АҚ мен Қазақстан халқы ассамблеясы "Халықтық IPO" жүзеге асырылу барысын талқылады - баспасөз баяны

Бірлескен Жоспар шегінде 98 ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, өңірлік ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері "Халықтық IPO" бағдарламас бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірге жүргізу туралы бірлескен жоспарға қол қойды. Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов өз сөзінде "әлеуметтік-экономикалық өсу мен қоғамдық келісімді нығайту әрдайым өзара байланысқан және ажырамас үрдіс болатын. Сондықтан Қазақстан халқы ассамблеясы да осы бір қарағанда таза экономикалық шараға қатысатын болады. Ұлттық бірлігіміз ел азаматтарының нақты экономикалық мүдделерінің негізінде, нақты істерінің айналасында қалыптасады. Ал "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіруге қатысу Қазақстан халқы ассамблеясына ерекше жауапкершілік артады" деп мәлімдеді.

Бірлескен Жоспар шегінде 98 ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, өңірлік ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қуандық Бішімбаев атап айтқандай: "Халықтық ІРО" бағдарламасын іске асыру мақсатында көптеген жұмыс жасалды. Үміткер компаниялар белгіленді. Сенімді құқықтық қор құрастырылды. Қазақстанның Қор биржасы мен "Қазпочта" АҚ инфрақұрылымын дайындау аяқталып келеді. "Халықтық ІРО" бағдарламасының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі халықтың қор нарығында бағалы қағаздарға инвестициялау мәдениетін арттыру бойынша мәдени-түсіндіру және білім беру кампаниясын жүргізу болып табылады. Бүгін қабылданған бірлескен Жоспар осы маңызды мемлекеттік міндетті іске асыруға әсерін тигізетіні сөзсіз".

Жоспарды іске асыруға экономикалық даму және сауда, мәдениет пен ақпарат министрліктері, "НефтеГаз-Дем" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, Ассамблея Қоры, ҚХА кәсіпкерлерінің қауымдастығы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық орталығы мен Журналистер клубы, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, Достық Үйлері, 25 этникалық газет пен журналдардың редакциялары, ҚХА ресми сайты тартылатын болады.

Қазіргі уақытта барлық аймақтардағы ассамблеялар "Халықтық ІРО" бағдарламасын түсіндіру үшін жауапкершілік көтеретін жауапты тұлғаларды белгіледі, Ассамблея, ғылыми-сарапшылық топтары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері арасынан арнайы топтар дайындалып, арнайы лекторлар және Ұлттық банк, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау және т.с.с. мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың облыстық филиалдары мүшелерінің өкілдері тартылып отыр. "Халықтық ІРО" бағдарламасының мүмкіндіктерін және қатысу механизмдерін түсіндіру жұмыстарын дайындалған лекторлар мен спикерлер Ассамблеяның барлық іс-шараларында жүргізетін болады. Этно-мәдени бірлестіктер жетекшілерінің, ҚХА мүшелерінің сөздерін, сұхбаттарын, мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны