21.09.2011, 12:35 3140

Самұрық-Қазына мен Назарбаев университеті компания қызметіне ғылыми инновация енгізбек

"Самұрық-Қазына" қорының бақарма төрағасы Тимур Құлыбаев пен Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катсу өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандуға қол қойды,- деп айтылған қордың баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры мен Назарбаев университеті компания қызметіне ғылыми инновация енгізуге қатысты бірлескен жұмысыты бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" қорының бақарма төрағасы Тимур Құлыбаев пен Назарбаев университетінің ректоры Шигео Катсу өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандуға қол қойды,- деп айтылған қордың баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Назарбаев университеті негізінде магистрлік және докторлық даярлау жөніндегі инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қор қызметкерлеріне арналған тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар, ғылыми инновацияларды енгізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны