20.11.2012, 13:52 1816

"Самұрық-Қазына" таза табыс көлемін 686 млрд теңгеден асыруға мүдделі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ екінші деңгейлі банктер кірісін есептемегенде, таза табыс көлемін 686 млрд теңгеден асыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Қордың басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" таза табыс көлемін 686 млрд теңгеден асыруға мүдделі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ екінші деңгейлі банктер кірісін есептемегенде, таза табыс көлемін 686 млрд теңгеден асыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Қордың басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.

"2012 жылы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның таза табыс көлемі 686 млрд 707 млн теңгені құрамақ. 2008 жылы аталмыш көрсеткіш 367 млрд 736 млн теңге көлемінде болған. Бұл көрсеткіштер екінші деңгейлі банктердің кірісін есептемегенде алынып отыр. Өздеріңіз білетіндей, заңға сәйкес, екінші деңгейлі банктер қор тобына енбейді", - деп түсіндіріп өтті Н.Рахметов.

Оның айтуынша, әлемдік дағдарыс болған 2009 жылы компанияның табыстары төмендеп, 303,7 млрд теңгені құраған.

"Ол жылы мұнай бағасы арзандап кетті. 2009 жылы мұнайдың бір барелі 63 доллар болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 111-112 долларды құрап отыр. Яғни, бұл табыс көлемінің артатынын білдіреді", - деп толықтырды ол.

2012 жылы Қордың операциялық кірісі (EBITDA margin - агенттік ескерт. ), яғни пайыздар, салықтар мен амортизация бойынша шығыстарды есептегенге дейінгі операциялық пайданың түсімге қатынасы 18,2%-ды құрамақ. Ал іске қосылған капиталдың рентабельділігі (ROACE - агенттік ескерт.) немесе операциялық пайданың салықтар шегерілгеннен кейін іске қосылған ораташа капиталға қатынасы 9,5% деңгейінде болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны