12.03.2012, 17:35 3163

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры жаңа тұрғын үй бағдарламасымен таныстырды

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры 2020 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр баспана салуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін олар арнайы өткізген баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры жаңа тұрғын үй бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры 2020 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр баспана салуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін олар арнайы өткізген баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясындағы жоба биылдан бастап қолға алынады. Дәл қазір оның құрылысын жүргізуге 47 компания ұсыныс білдірген. Алда олар талаптарға сай іріктелетін болады. Қолжетімді баспана құны да анықталып отыр. Сонымен жалдамалы баспана бағасы 15 жылға шаққанда аймақтарда шаршы метріне 120 мың теңгеден аспаса, Астана мен Алматы қалаларында 150 мың теңгеден көтерілмейді. Мысалы 1 бөлме үшін өзге өңір тұрғындары ай сайын 40 мың 896 теңге төлесе, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары 51 123 теңге қаражат құйып тұруы тиіс. Өзге бағдарламалардан ерекшелігі - аталмыш жоба ешбір әлеуметтік топқа жатпайтын азаматтар үшін, бұрын-соңды баспаналы болмағандар үшін және ай сайын көрсетілген қаражатты төлеуге шамасы келетіндер үшін жасалып отыр.

"Жылжымайтын мүлік қоры - дайын үйді сату мен жалға беру арқылы механизмін жүзеге асырмақ. Екі жағдайда да үш қағидат ұстанамыз: біріншіден - бұрын баспанасы болмаған тұлғаларға, немесе пәтерін жақсартқысы келетіндерге, екіншіден - төлеуге мүмкіндігі бар адамдарға, үшіншіден - біздің қор өткізген бұрынғы бағдарламаларға қатыспаған азаматтарға қатысуға болады",- "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарушы директоры Марат Кәрібжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны