03.05.2012, 15:28 3404

"Самұрық-Қазынада" 2016 жылға дейін экологиялық қауіпсіздік стандарттары енгізіледі

"Біз Қордың кәсіпорындары мен компанияларында экологиялық менеджмент құру және қолдау мәселесін ынталандыратын боламыз. Қазір біз алдымызға 2016 жылға дейін Қордың барлық ірі компаниялары үшін экологиялық аудит жүргізіп, экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізуді жүзеге асыру міндетін қойып отырмыз", - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-да 2016 жылға дейін экологиялық қауіпсіздік стандарттары енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі жөнінде өткен жиналыс барысында Ұлттық қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім еткен.

"Біз Қордың кәсіпорындары мен компанияларында экологиялық менеджмент құру және қолдау мәселесін ынталандыратын боламыз. Қазір біз алдымызға 2016 жылға дейін Қордың барлық ірі компаниялары үшін экологиялық аудит жүргізіп, экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізуді жүзеге асыру міндетін қойып отырмыз", - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны