05.09.2018, 19:51 4383

Санитариялық авиация дәрігерлері Қызылордалық жас босанған әйелді аман алып қалды

Республика бойынша 15 395 медициналық қызметтер көрсетілді, оныӊ ішінде: 11 464 тасымалдау, 3 027 кеӊес беру және 904 операция.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 31 тамызда санитариялық авиация қызметініӊ мекенжайына Қызылорда қаласы облыстық Перинаталдық орталығында жатқан 1984 жылы туған пациентке эфферентті терапия - диализ жедел жүргізу қажеттігі туралы өтінім түсті.

Жас босанған әйел ауыр операциялық рәсімдерден өткен және эфферентологмамандар кеӊесі мен мамандандырылған терапия көрсетуге мұқтаж болған.

2018 жылғы 1 қыркүйек диализ өткізу -- мамандандырылған көмек көрсету мақсатында пациентке санавиация борты мамандармен және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен ұшып шыққан.

Эфферентолог дәрігерініӊ кеӊесінен кейін сол орнында пацентке медициналық көмек көрсетілді, диализ рәсімі жүргізілді. Бұл рәсім "бүйрек жеткіліксіздігі" туындаған - екі бүйрек өзініӊ әдеттегі қызметін орындауға қабілетсіз (немесе мүлдем қабілеті жоқ) жағдайда қажет. Диализ - бұл ағзадан тіршілік ету өнімдерін және артық сұйықтықты жасанды шығару процессі.

Санитариялық авиация қызметініӊ арқасында 2018 жылғы 7 ай ішінде ҚР өӊірлерінде 1 400 астам мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетілді, оныӊ ішінде орнында мамандарымен 86 операция жасалынды.

Орталық құрылғаннан бері санитариялық авиация қызметімен 15 мыӊнан астам қазақстандықтарға көмек көрсетілді, оныӊ ішінде: акушерлік патологиясы бар 2 537 әйелге, 2 460 жаӊа туған нәрестеге, балалар жасындағы патологиясы бар 3 249 балаға, қан айналым жүйесініӊ ауруы бойынша 2 365 пациентке, 3 177 жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан зардап шеккендерге және өзге де аурулары бар 1 458 пациенттерге көмек көрсетілді.

Республика бойынша 15 395 медициналық қызметтер көрсетілді, оныӊ ішінде: 11 464 тасымалдау, 3 027 кеӊес беру және 904 операция.

Ал 2018 жылғы 23 тамызда 1943 жылы туған Қазақстан азаматшасы Чике-Таман асуында жол-көлік оқиғасы салдарынан Таулы Алтай қаласы республикалық ауруханасыныӊ реанимация бөліміне шұғыл күйде жатқызылды.

Ресей мамандары тарапынан алынған қорытындыларға сәйкес зардап шегуші ауыр жарақат алған және медициналық қызметкерлердіӊ алып жүруімен санитариялық авиакөлікпен тасымалдауға мұқтаж.

2018 жылы 30 тамызда 18 сағат 23 минутта ҚР денсаулық сақтау Министрлігініӊ және ҚР сыртқы істер Министрлігініӊ жүргізген жедел жұмысыныӊ нәтижесінде пациент санитариялық авиация күшімен отанында әрі қарай ем қабылдау үшін Алматы қаласы ДСБ "№4 Қалалық клиникалық ауруханасына" ШЖҚ МКК сәтті жеткізілді. Ұшу кезінде пациентті медициналық мамандар алып жүрді: ҚР санитариялық авиациясыныӊ ұтқыр бригадасы және Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық ауруханасыныӊ травматолог-дәрігері. Науқастыӊ жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта, Қазақстан азаматшасы Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлерініӊ бақылауында.

2011 жылдан осы сәтке дейінгі кезеӊде ҚР санитариялық авиациясымен Таяу және Алыс Шет елдерден барлығы 48 ҚР азаматы тасымалданды (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оӊтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б.). Таяу және алыс шет елдерден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Орталық құрылғаннан бері санитариялық авиация қызметімен 15 мыӊнан астам қазақстандықтарға көмек көрсетілді, оныӊ ішінде: акушерлік патологиясы бар 2 537 әйелге, 2 460 жаӊа туған нәрестеге, балалар жасындағы патологиясы бар 3 249 балаға, қан айналым жүйесініӊ ауруы бойынша 2 365 пациентке, 3 177 жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан зардап шеккендерге және өзге де аурулары бар 1 458 пациенттерге көмек көрсетілді.

Естеріӊізге сала кетейік, санитариялық авиация қызметініӊнегізгі мақсаты - медициналық көмекті қолжетімді және жедел көрсету, әсіресе, ауыл халқы үшін.Негізіненбұл ауылдық елді мекенде жоқ мамандандырылған медициналық көмек туралы айтылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны