21.06.2007, 15:25 2710

Санкт-Петербурге жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталар орнатылды

МИСКЕУ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Санкт-Петербурге Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау барысында мерт болған жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталар орнатылды, деп хабарлайды Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ескерткіш тақталар Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Ибіқаевтың 22-23-маусымдағы Санкт-Петербург сапары кезінде ашылады. "Ол Ұлы Отан соғысы басталған күнге орай Нева плацдармы мен Пискаревский бейітінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау барысында мерт болған жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталарды ашады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Рәсімге Леннинград облысының губернаторы Валерий Сердюков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко қатысады.

Елшіліктің хабарлауынша, Н.Ибіқаев Стаявинское көлінің маңында қаза тапқан ақмолалық жауынгерлерге арналған "Жұлдыз-тырналар" атты ескерткішге гүл шоқтарын қойып, Леннинградты қорғаушы әскерлердің мүрделерін қайта көму рәсіміне қатысады.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нева плацдармы - Нева өзенін бойлай 2 шақырымға, 300-500 метр тереңдікке созылатын жер учаскесі. Ленинград қорғанысы басталған сәтте бұл жерде кескілескен қантөгіс ұрыстар болған. 1943-жылдың қаңтар айында Кеңес әскерлері осы Нева плацдармынан кері шабуылға шығып, Ленинград қоршауын бұзды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны