04.04.2017, 20:19 4770

Санкт-Петербургте болған террорлық әрекеттен қазақстандық Максим Арышев қаза тапты

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетініӊ нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түзсіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтіӊ 2017 жылдыӊ 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған террорлық әрекеттіӊ салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған террорлық әрекеттен қаза тапты, - деп хабарлайды ҚР СІМ фейсбуктегі өз парақшасында.

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетініӊ нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түзсіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтіӊ 2017 жылдыӊ 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған террорлық әрекеттіӊ салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазіргі уақытта Максим Арышевтіӊ мәйіті Санкт-Петербургтегі Екатерининск қалалық ауруханасында. Ата-анасы оны таныды.

ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтіӊ туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттіӊ табытын отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді.

"Максимніӊ туыстары мен жақындарына және осындай адамгершілікке жатпайтын қылмыстыӊ құрбандары болғандардыӊ отбасына көӊіл айтамыз", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде қаза болғандардыӊ саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны