30.10.2015, 18:57 3844

Санкт-Петербургте қазақстандық армияға арналған жаӊа корабльді суға жіберді

Бүгін, 2015 жылдыӊ 30 қазанында Ресей Федерациясыныӊ Санкт-Петербург қаласында қазақстандық армияныӊ қарулануына арналған Невск кеме құрастыру зауытында шығарылған "Алатау" мина-тартқыш кораблі суға жіберу өткізілді

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылдыӊ 30 қазанында Ресей Федерациясыныӊ Санкт-Петербург қаласында қазақстандық армияныӊ қарулануына арналған Невск кеме құрастыру зауытында шығарылған "Алатау" мина-тартқыш кораблі суға жіберу өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты іс-шараға Кузнецов атындағы Искери-теӊіз академиясыныӊ оқу-жаттығу орталығында теориялық оқу курсынан өткен корабль командирі капитан-лейтенант Мұрат Баймұхановтыӊ қолбасшылық етуімен кеме экипажы, сондай-ақ РФ-дағы ҚР Қорғаныс министрлігініӊ әскери атташесі полковник Арнат Байжанов, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, "Қазарнаулыэкспорт" компаниясыныӊ мамандары қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Корабль базалардыӊ, кемежайлардыӊ, кеме жолдары мен жаға маӊы бөліктерініӊ су айдынын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Ол навигация мен тұрақтандырудыӊ кіріктірілген шағын габаритті жүйесімен, гидрометеорологиялық қамтамасыз ету корабльді кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теӊіз байланысы, радиотарату және бақылау жүйесімен жабдықталған.

Сонымен бірге, кеменіӊ жаппай қырып-жою қаруынан қорғау, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіш қасиетке ие және жарақтандыруында атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 миллиметрлі оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК ИТК-ніӊ жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлер бар. Аталған мина-тартқыш кораблі осы арсеналды толтырады, оны пайдалануға беру қазақстандық әскери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны