01.06.2017, 17:29 4611

Санкт-Петербургте өткізілген мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ Х "Шаг Навстречу" шығармашылық фестивалінде қызылордалықтар үздік шықты

Фестивальге Қазақстанныӊ атынан қатысқан 4 оқушы да 1 дәрежелі диплом иегерлері атанды

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Санкт-Петербург қаласында 26-31 мамар аралығында өткізілген мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ Х "Шаг Навстречу" шығармашылық фестивалінде өнер көрсеткен №6 есту қабілеті бұзылған балалардыӊ арнайы мектеп-интернатыныӊ оқушылары Сағи Мұхаммед, Айдана Оралбай, Еркеұлан Қуандық, Мадина Ибеновалар фестивальге қатысушылар арасынан үздік шықты.

Фестивальге Қазақстанныӊ атынан қатысқан 4 оқушы да 1 дәрежелі диплом иегерлері атанды.

Ыммен ән айту номинациясында Сағи Мұхаммед (16 жастан жоғары), Айдана Оралбай (13 жасқа дейінгі), Еркеұлан Қуандық (13-16 жас аралығында) жас ерекшеліктері бойынша І орындарды иеленсе, аспапта ойнау номинациясында домбырамен халық күйі "Кеӊес" және Дәулеткерейдіӊ "Қосалқасын" төгілткен Мәдина Ибенова де І орынды биігінен көрінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны