04.04.2017, 15:57 4501

Санкт-Петербургтегі метро станциясында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қызылордалық студенттер жоқ

Естеріӊізге сала кетейік, облыс әкімдігініӊ бастамасымен 390 қызылордалық студент РФ Үкіметі қаражаты есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы инженерлік-техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Олардыӊ 88-і Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университетінде оқиды.

Қызылорда. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы Санкт-Петербургтегі метро станциясында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қызылордалық студенттердіӊ жоқ екендігін хабарлайды.

Санкт-Петербургтегі терроризм актісі 3 сәуір күні "Технологический институт" және "Сенная площадь" стансалары аралығында орын алған. Қолдан жасалған жарылғыш зат 300 грамға жуық тротилдік эквиваленттегі жарақаттайтын элементтермен толтырылған. Соӊғы ақпараттарға сәйкес жарылыстан 11 адам құрбан болып, 45 зардап шеккен, оныӊ 39-ы ауруханаға жатқызылған, соныӊ ішінде 15 жасар қыз бала бар.

Қызылорда облысыныӊ әкімдігі ҚР Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Ермек Пірімбетовпен және студенттер өкілдерімен тығыз байланыс орнатты.

Естеріӊізге сала кетейік, облыс әкімдігініӊ бастамасымен 390 қызылордалық студент РФ Үкіметі қаражаты есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы инженерлік-техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Олардыӊ 88-і Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университетінде оқиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны