13.04.2011, 13:28 4209

Сапарбаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Сапарбаев ШҚО әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Сапарбаев ШҚО әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ал Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған.

Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов облыстар активтерімен кездесу өткізді және тиісті облыстық мәслихаттар депутаттарының келісімімен қайтадан тағайындалған Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинді, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты, Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевты таныстырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, елбасының жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі болып тағайындалған.

Фото: tengrinews.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны