09.11.2019, 18:23 17460

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтуде

Оның тарихы Қазақ әскери комиссариаты мен "Еңбекшіл қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") баспасының "Қызыл әскер" қазақ әскери газетінен бастау алды. Ол аптасына бір рет латын қарпімен қазақ тілінде шығып тұр.

Нұр-Сұлтан. 9 қараша. Kazakhstan Today - Еліміздің басты әскери басылымы "Сарбаз" республикалық әскери-патроиттық газетіне 90 жыл толды. Дәл осы күнді қазіргі редакция ұжымы басылымның негізін қалаған, басылымында жұмыстары жарық көрген қаламы қарымды журналистерді еске алды.

90 жыл ішінде газет Қазақстандағы әскери баспа журналистикасының қалыптасуына сүбелі үлес қосты. Оның маңызын ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі мерейтойға орай әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа-2019" сыйлығын өткізу туралы шешім қабылдады.

Оның тарихы Қазақ әскери комиссариаты мен "Еңбекшіл қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") баспасының "Қызыл әскер" қазақ әскери газетінен бастау алды. Ол аптасына бір рет латын қарпімен қазақ тілінде шығып тұр.

Кейін 1969 жылы 1 қарашада Алма-Ата қаласында газет "Жауынгерлік ту" деген атпен жарық көре бастады. Сол кезде әр округте өзінің баспа органы, соның ішінде Орта Азия әскери округінде болды. 20 жыл газет әскер өмірінің жылнамасын жасады. 1989 жылдың мамыр айында округтің таратылуына байланысты басылымның шығарылуы да тоқтатылды, ал редакция таратылды.

Тәуелсіздік алғаннан бастап баспа әскери журналистикада жаңа тарих басталды. "Жауынгерлік ту" газетінің негізінде ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық баспа органы - "Қазақстан сарбаздары - Воин Казахстана" газеті құрылды. Бірінші нөмір 1992 жылдың 16 желтоқсанында, сәрсенбі күні қазақ және орыс тілдерінде шықты.

"Қазақстан сарбаздары" еліміздің негізгі әскери басылымына айналды. Бірінші нөмірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті орын алған оқиғаның маңыздылығын атап өтті.

"Газет республиканың қорғаныс мүдделерін және қарулы қорғаушыларын, оның Достастық мемлекеттерімен тиімді байланысын білдіруші болуға тиіс. Жастардың өз әскери борышын адал атқаруға ұмтылысын оятып, Отан алдындағы батырлық негізінде патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды", - деп атап өтті ол.

Газеттің бірінші редакторы подполковник Виль Рахманқұлов болды.

Басылымда көптеген талантты және танымал журналистер жұмыс істеді. Олар Сапарғали Жағыпаров, Григорий Красилов, Николай Завьялов, Николай Мальцев, Александр Бавтуто, Василий Даньшин, Людмила Бондарцова, бүкіл Орталық Азияда танымал әскери фототілші Виктор Дубровченко болды. Газетпен бұрынғы майдан тілшілері - Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, белгілі жазушы, ақын Сағынғали Сейітов та қызмет етті.

Қазіргі таңда редакция штатында 10 журналистер мен облыстағы өңірлік өкілдер жұмыс істеуде. Газеттің бас редакторы Батырхан Қуатбектің басшылық етуімен газет, өзінің болмысы мен әскери журналистика дәстүрін сақтай отырып, заманаулығы мен бәсекеге қаблеттілігін жоғалтпаған.

"Сарбаз" газетін оқи отырып оқырмандар әрқашан қазақстандық әскердің қызметі, әскери оқу-жаттығулар мен әскеи қызметшілердің жетістіктері жайынды ақпаратты оқып, өзге елдердегі әскер саласындағы оқиғалардан хабардар болып, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қару-жарақ пен әскери техникаға қатысты мағұлматтарды біле алды. Сонымен қатар газеттің электронды нұсқасы sarbaz.kz порталы мен мобильді қосымшасында қол жетімді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны