10.12.2018, 01:11 6445

Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш-теміржол" өткізу бөлімшесінде шекарашылар контрабандалық заттарды тапты

"Новосібір - Тәшкент" бағытымен қатынайтын № 370 пойызды тексеру барысында, қызметтік иттіӊ көмегімен вагондардыӊ бірінен, жасырын әкетіліп бара жатқан ірі көлемді (18 түрлі, барлығы 2000 данадан аса), ешқандай рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмек өнімдерін, 582 дана газ есептегіш құралдарын, 500-ге жуық қытай пиротехникасын және 10 қорап пилорама лентасын тапты.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш-теміржол" өткізу бөлімшесінде шекарашылар кеше таӊертеӊгілік уақытта "Новосібір - Тәшкент" бағытымен қатынайтын № 370 пойызды тексеру барысында, қызметтік иттіӊ көмегімен вагондардыӊ бірінен контрабандалық заттар табылды.

Контрабандалық заттар табылды

Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш-теміржол" өткізу бөлімшесінде шекарашылар кеше таӊертеӊгілік уақытта "Новосібір - Тәшкент" бағытымен қатынайтын № 370 пойызды тексеру барысында, қызметтік иттіӊ көмегімен вагондардыӊ бірінен, жасырын әкетіліп бара жатқан ірі көлемді (18 түрлі, барлығы 2000 данадан аса), ешқандай рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмек өнімдерін, 582 дана газ есептегіш құралдарын, 500-ге жуық қытай пиротехникасын және 10 қорап пилорама лентасын тапты. Күдікті ретінде 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды (вагон жолсерігі). Тәркіленген заттар актіленіп, Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

Күләпарадағы есірткі

Павлодар шекара отрядыныӊ "Шарбақты-авто"өткізу бөлімшесінде "Павлодар - Михайловка" бағытындағы жолаушылар автобусынан шекарашылар қызметтік иттіӊ және техникалық құралдардыӊ көмегімен 1973 жылғы Ресей азаматын ұстады.

Қызметтік ит нұсқаған азаматты "тереӊірек" тексеру барысында оныӊ күртешесініӊ күләпарасынан шекарашылар 10 граммға жуық кептірілген, өткір иісті өсімдік текті зат (марихуана есірткі заты болуы мүмкін) тапты. Ұсталған азаматты одан әрі шекакрашылар медициналық тексеру өткізу үшін Павлодар қаласындағы наркологиялық диспансерге алып келді. Тексеру нәтижесінде, оныӊ каннабиоид қабылдағаны дәлелденді. Құқық қорғау орындары хабарланды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны