20.05.2015, 14:57 3874

Сарыағашта 19 өзбек азаматы ұсталды

Заӊсыз миграцияныӊ жолын кесуге бағытталған "Нелегал-2015" шекаралық арнайы іс-шарасыныӊ барысында Сарыағаш шекара отрядыныӊ әскери қызметшілері жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып шекаралық елді-мекендерде құжат тексеру шарасын өткізді

Сарыағаш. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Заӊсыз миграцияныӊ жолын кесуге бағытталған "Нелегал-2015" шекаралық арнайы іс-шарасыныӊ барысында Сарыағаш шекара отрядыныӊ әскери қызметшілері жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып шекаралық елді-мекендерде құжат тексеру шарасын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында Қапланбек елдімекенініӊ маӊайынан құжаттары дұрыс емес 19 өзбек азаматы анықталды.

Аталған азаматтарға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 517-бабыныӊ 5-тармакшасы бойынша ОҚО Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны