11.07.2006, 18:33 2928

Сәрсенбаевтың қазасына қатысты іс бойынша сот мәжілісі бір тәулікке кейінге шегерілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11-шілде. Kazakhstan Today. Алтынбек Сәрсенбаевтың қазасына қатысты іс бойынша сот мәжілісі 12-шілде күнгі 10 сағатқа дейін кейінге шегерілді. Мәжіліске төрағалық жасаушы судья Лукмат Мерекенов бүгін осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сот мәжілісі бүгін екі мәрте кейінге шегерілді. Таңертеңгі сағат 10-ға белгіленген сот мәжілісі алдымен 14 сағат 30 минутқа дейін, ал артынан 12-шілдеге кейінге қалдырылды.

Л.Мерекеновтың айтуынша, мәжіліске айыпкер Виталий Мирошниковтың адвокаты Виктор Семин келген жоқ.

Ал айыпкер Рустам Ибрагимовтың адвокаты Серік Сәрсеновтың айтуынша, бүгін таңертең Семинмен сөйлескен кезде ол сотқа шұғыл жеделхат жолдап, сот мәжілісін өзінің сырқаттанып қалуына байланысты 18-шілдеге дейін шегере тұруды сұрағанын жеткізген.

Ал судья Л.Мерекенов болса сотқа ешбір жеделхат келген жоқ, сол себепті мәжілісті 12-шілдеге дейін шегере тұруға шешім қабылданды дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны