12.07.2006, 17:24 2906

Сәрсенбаевтың қазасына қатысты кезекті сот мәжілісі 18-шілдеде өтеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12-шілде. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері – Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевтың өліміне қатыстықылмыстық іс бойынша кезекті сот мәжілісі 18-шілдеде өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Сот сейсенбіге қалдырылды”,- деді Алматы облыстық сотының судьясы Лукмат Мерекенов. Оның айтуынша, сот мәжілісі айыпкер Виталий Мирошниковтың адвокаты Виктор Семиннің сырқаттанып қалуына байланысты кейінге шегерілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В.Семин басқа бір адвокат арқылы сотқа шұғыл жеделхат жолдап, сот мәжілісін өзінің сырқаттанып қалуына байланысты 18-шілдеге дейін шегере тұруды сұраған. Кеше сот мәжілісі тағы осындай себеппен екі мәрте кейінге шегерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны