23.08.2006, 09:42 2682

Сәрсенбаевтың өліміне қатысы бар деп айыпталған Ибрагимовтың адвокаты соттан өзінің қорғауындағы адамды ақтап шығаруды сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 тамыз. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтың өліміне қатысты іс бойынша сот мәжілісінде өтіп жатқан кезекті жарыссөз барысында адвокат Серік Сәрсенов соттан айыпталушы Рустам Ибрагимовты ақтап шығаруды сұрады, себебі ол, Ибрагимовтың әрекетінде қылмыстық құрам жоқ , деп есептейді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінінің тілшісі хабарлайды.

Жеті сағатқа созылған баяндамасында адвокат Серік Сәрсенов тергеу барысында жол берілген көптеген заң бұзушылықтарды тізбектеді, олардың арасында құжаттарды бұрмалау және қылмыстық процессуалды кодекске қайшы әрекет орын алған. Атап айтқанда, С.Сәрсенов 9 наурызда тапаншаның бекітпесі табылған кезде жасалған қосымша тексеру хаттамасы бұрмаланып жасалды, деп есептейді. Бекітпе көлік жүрісі бойынша жолдың сол жағынан табылған, бірақ сұрау барысында Виталий Мирошниковтың айтуынша, Ибрагимовтың тапанша бөліктерін көліктің оң жағында отырып терезеден лақтырған". Тапаншаның бөлшектері табылған сәттен нағыз ғажайып дүниелер болып жатыр. Бекітпені тастап кеткен жандар оң солын ажырата алмай шатасты. Оған қоса, бекітпеден саусақ іздерінің алынбағаны мүлдем түсініксіз", дейді адвокат.

"Оқиға орнын алғашқы тінту кезінде осы аумақтың 100 метр шеңберін металды детектормен шолып шықты, бірақ ештеңе табылған жоқ. . Алайда, қосымша тексеру кезінде үнемі бір айғақ табылып отырды",-дейді С.Сәрсенов.

Сондай -ақ , жақтаушы тексеру кезінде оқиға орнынан табылған ағаш түбінің қайда жоғалып кеткенін түсінбейді. Мамандар, осы ағаш түбіне Мирошниковтың көлігінің бояуы жағылып қалған-мыс деген болатын.

"Іске қамытта тіркелген еді, бірақ ол "арыстандықтарға" тануға ұсынылмады. Яғни, өлгендерге басқа қамыт тағылған деп болжауға болады", деп атап өтті Сәрсенов.

"Оқиға орнынан газды тапаншаның бекітпесі табылған, ал газды тапанша-дәрімен атылатын қаруға жатпайды. Демек, Ибрагимовқа ҚР ҚК 251 бабы бойынша тағылған айып -бос сандырақ ",-дейді адвокат.

"Ибрагимовтың әскери оқтарды сақтағаны және алғандығыда дәлелденген жоқ. Құжаттардың қолдан жасалғаны да айғақталған жоқ, бұл ретте тек Мирошниковтан күш көрсету арқылы алынған түсініктемесі бар",- дейді адвокат. "Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды дегені де сандырақ , онда оған қылмыстық қауымдастық құрды деп жүктеңіздер" ,- деді адвокат.

Тергеу барысында жіберілген көптеген заң бұзушылықтарды атап көрсеткен С.Сәрсенов соттан жинақталған дәлелдерді негізсіз деп танып , барлық күмәнді айыпталушының пайдасына түсіндіруді сұрады."Мен үкімнің қатал болатынына шүбә келтірмеймін, бірақ сот арына қарай шешім қабылдайды деген сенім бар. Мен соған шақырамын"-деп мәлімдеді Серік Сәрсенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны