19.07.2006, 15:29 2884

Сәрсенбаевтың өліміне қатысты сот процесі барысында бірқатар куәгерлер сұралды, адвокаттар тарапынан өтініш жасалып оның біреуі қанағаттандырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 шілде. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайевпен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің өліміне қатысты сот процесінде жеті куәгер түсінік берді, адвокаттар тарапынан өтініш түсіріліп, оның біреуі қанағаттандырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сот барысында авторынок саудагерлері Евгений Волков пен Болат Өтепов түсініктеме берді. Олар Виталий Мирошников джип көлігіне дөңгелек сатып алғандығын айтады. Сот процесінде В. Мирошниковтың бейнетаспасы көрсетілді. Онда саудагерлер Мирошниковты танығандығы және Мирошниковтың дөңгелектерді сатып алған жері түсірілген. «Маған: былай-былай айтасың деді. Мені онда жетелеп әкелді. Таспада көрінеді, мені сонда әкелгендері. Саудагерлерді мен көрген емеспін, танымаймын», - дейді В. Мирошников.

Сондай ақ процесс кезінде адвокаттар бірнеше өтініш түсірді. Р. Ибрагимовтың адвокаты С. Сәрсенов табылған оқтарға және гильза мен тапаншаға тағыда кешенді түрде баллистикалық сараптама жасау туралы өтініш түсірген.

В. Мирошниковтың адвокаты Виктор Семин, Б. Өтеповтың өзінің басшысымен В. Мирошниковқа дөңгелек сату туралы әңгімелерін растайтын ұялы байланыс телефонының қағазын алу жөнінде өтініш жасалды. Алайда, өтініш қанағаттандырылған жоқ.

Р. Ибрагимовтың адвокаты Өстеміровтың, куә ретінде Б. Өтепов жұмыс істеген дөңгелек контейнерінің иесі Жамбыл Баймағамбетовты шақыру туралы өтініші мақұлданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны