04.08.2006, 11:03 2835

Сәрсенбаевтың өлімінен кейін "Арыстан" арнаулы бөлімшесінде қызмет бабындағы тексеру жүргізілген жоқ - Божко

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Кеше Алтынбек Сәрсенбаев, оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өліміне қатысты іс бойынша сот мәжілісінде айыптаушы жақ "Арыстан" арнаулы бөлімшесіндегі қызмет бабындағы тексерудің нәтижелері туралы мәліметті сотқа беру туралы сұранымның жауабы жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко қол қойған жауапқа сәйкес, мұндай тексеру жүргізілмеген.

Сондай-ақ, кеше Астанада журналистер сауалына жауап берген В.Божко Р.Ибрагимовтың мәлімдемесін "сандырақ" деп сипаттады. "Мен сырқат адамдардың уәж-пікіріне түсініктеме бере алмаймын, бұл - сандырақ",- деді ол.

Сонымен бірге сот мәжілісі барысында жәбірленуші жақтың адвокаты Серікқали Мусин Ержан Өтембаев пен Рустам Ибрагимовты "Полиграф" арқылы тексеру қорытындысының көшірмесін беру жөніндегі өтінішін жариялады. Мемлекеттік айыптаушы Владимир Кириленконың мәлімдемесі бойынша, мұндай сұранымға жауап бұған дейін де берілген. Аталмыш құжаттың АҚШ-тың меншігі екені айтылды. Өз кезегінде Р.Ибрагимовтың адвокаты Нұрлан Үстеміровтың айтуынша, осы құжатқа қатысты АҚШ елшілігіне жолдаған оның сұранымына Ержан Өтембаев пен Рустам Ибрагимовты "Полиграф" детекторымен тексеру қорытындысы ҚР ІІМ-іне тапсырылды деген жауап келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны