30.01.2013, 09:34 3214

Сәрсенбі күні еліміздің көптеген аймақтарында аяз сақталады

Республиканың оңтүстік және солтүстік бөлігінде күн жауын-шашынды болады, қар жауады, екпінді жел соғып, боран соғады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні еліміздің көптеген аймақтарында аяз сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметіне қарағанда, сәрсенбі, 30 қаңтарда еліміздің басым аймақтары антициклонның ықпалында болып, аяз сақталады.

Республиканың оңтүстік және солтүстік бөлігінде күн жауын-шашынды болады, қар жауады, екпінді жел соғып, боран соғады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с. жетеді. Алматы облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Алакөл көлі ауданында желдің екпіні 15-20 м/с. дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Маңғыстау облысында да екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы 20 метрге дейін жетеді, боран соғады. Ақтөбе облысының кейбір аумақтарында желдің жылдамдығы 18 м/с. болады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны