28.12.2011, 13:38 3227

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым ауамағындағы ауа райын циклон мен соған байланысты атмосфералық ағымдар айқындайды. Сондықтан басым облыстарында қар жауып, бұрқасындатады.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым ауамағындағы ауа райын циклон мен соған байланысты атмосфералық ағымдар айқындайды. Сондықтан басым облыстарында қар жауып, бұрқасындатады.

Астанада ала бұлтты, кейде аздап қар жауады, күндіз бұрқасындатады, 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18 м/с болады, күндіз 15-20 м/с болып, ауа температурасы түнде -12-14 күндіз -5-7ИС.

Алматыда ала бұлтты, түнде қар жауады, тұман түседі, солтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғып, ауа температурасы түнде -3-5ИС, күндіз 0+2ИСболады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде қар жауады. Қостанай және Ақмола облысында қар жауады, кей жерлеріне тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с болады, ауа температурасы -2-7 және -5-10, Павлодар облысында да аздап қар жауады, кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, екпіні 27 м/с болып, бұрқасындатады, ауа температурасы -2-7, Солтүстік Қазақстанда қар жауады, ауа температурасы -5-10 градус.

Қарағанды облысында қар жауады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с болады, бұрқасындатады, ауа температурасы -5-10, Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады, ауа температурасы -8-13.

Республиканың оңтүстігінде қар жауады. Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында түнде желдің жылдамдығы 18-23 м/с, ауа температурасы -3+2. Қызылорда облысында аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтьанады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с болады, бұрқасындатады, ауа температурасы 0-5 градус,

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақтанып, 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше, 0+5 және -2+3 градус болады.

Республиканың батыс аймағында аздап қар жауады. Батыс Қазақстан, Атырау облысында қар жауады, көктайғақтанады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с болады, ауа температурасы сәйкесінше, -1+4 және -3+2ИС болады. Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерінде күшті бұрқасын болады, ауа температурасы -2-7ИС болады. Маңғыстау облыстарында қар жауады, кей жерлеріндетұман түсіп, 17-22 м/с жел тұрып, ауа температурасы -3+2 болады.

Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату одан ары жалғасады. Республиканың оңтүстігінің жекелеген өзендерінде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтеріліп, тасуы ықтимал. Ертіс өзені Семейдің маңында тасып, арнасынан асуы ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны