28.04.2008, 18:49 3152

Сәтбаев атындағы канал жұмысшыларына суды тоқтатпауға өтініш жасалып, аванс төленді

Сәтбаев атындағы канал жұмысшыларына суды тоқтатпауға өтініш жасалып, аванс төленді

Қарағанды. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәтбаев атындағы канал жұмысшыларына суды тоқтатпауға өтініш жасалып, 10 мың теңге көлеміндегі аванс төленді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Сәтбаев атындағы РМҚК бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Галина Гевелько хабарлады.

Оның айтуынша, ұжымның жалпы жиналысында Астанадан келген Сәтбаев атындағы каналдың бас кеңсесінің өкілі жұмысшылардан аштық жарияламауды және елді мекендерге су жіберуді тоқтатпауды өтінген. Бұл ретте ол жалақы бойынша қарыз жақын күндері жабылатынына уәде берді.

"Сәтбаев атындағы канал" РМК Қарағанды бөлімшесінің қызметкерлеріне жалақы бойынша қарыз 47 млн теңгеден асады және Павлодар бөлімшесіне де сонша қарыз.

Естеріңізге сала кетсек, 11 сәуір күні Сәтбаев атындағы канал қызметкерлері жалпы жиналыста аштық жариялап, Астана, Қарағанды мен Теміртауға су жіберуді тоқтатуды көздеп отырғандарын мәлімдеген еді.

Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, бұған себеп - соңғы 10 жылдан бері канал қызметкерлерінің айлақ жалақыны там-тұмдап алуы және соңғы үш айдан бері соқыр тиын да алмауы. Соңғы рет адамдарға 5 мың теңге берген. Қазіргі күні орташа жалақы 33 мың теңге. Ал ақшаны 5%, 10%, 15%-дан береді.

"Сәтбаев атындағы канал" РМК бас директоры Мейірбек Егенов судың негізгі тұтынушылары ("Екібастұз Су" ЖШС мен "Қарағанды Су" ЖШС) каналға 400 млн теңге және 700 млн теңге қарыздар болғанын түсіндірді.

"Қарағанды Су" ЖШС қаржылық-экономикалық бөлімінің бастығы Наталья Филина бірнеше жылдың қарызын олар өздігінен жаба алмайтынын айтты. Оларға жергілікті атқарушы биліктің көмегі қажет.

Сәтбаев атындағы канал 2003 жылы Париж қаласында апатсыз, үздіксіз және таза су беруіне орай арнайы жүлдеге ие болған әлемдегі теңдессіз құрылыс. "Сәтбаев атындағы канал" РМК 2000 адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны