21.04.2008, 09:42 1095

Сәтбаев каналының қызметкерлері аштық жариялауда 23 сәуірге шегерді

Сәтбаев каналының қызметкерлері аштық жариялауда 23 сәуірге шегерді

Қарағанды. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәтбаев каналының қызметкерлері аштық жариялауды сәрсенбі, 23 сәуірге шегерілді. Бұл туралы "Сәтбаев атындағы канал" РМК бөлімшесінің кәсіптік комитетінің төрайымы Галина Гевелько мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, "Сәтбаев атындағы канал" РМК бөлімшесінің директоры Бекет Қажығалиев ұжымдық жиналыста қызметкерлерден қарсылық акциясын (аштық жариялауды) өткізбеуді және елді мекендерге су жіберуді тоқтатпауды өтінген. Бұл ретте ол жалақы бойынша қарыз жақын күндері дүйсенбі, 21 сәуірден бастап төленетініне уәде берген. Соңғы мерзім - сәрсенбі.

"Сәтбаев атындағы канал" РМК Қарағанды бөлімшесі қызметкерлеріне ғана жалақы бойынша 47 млн теңге қарызы бар. Павлодар бөлімшесіне де дәл осындай сомаға қарыз болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдың 11 сәуірінде Сәтбаев атындағы каналдың қызметкерлері жалпы жиналыста аштық жариялап, Астана, Қарағанды мен Теміртауға су жіберуді тоқтатқылары келетінін жариялаған еді.

Себеп - соңғы 10 жылдан бері канал қызметкерлері айлақ жалақыны анда-санда алады және соңғы үш айдан бері соқыр тиын да алмаған (қазіргі орташа жалақы 33 мың теңге, ақшаны 5, 10, 15 пайызбен бөліп береді. Ал соңғы рет жұмысшыларға 5 мың теңге ғана берген).

"Сәтбаев атындағы канал" РМК бас директоры Мейірбек Егенов судың негізгі тұтынушылары ("Екібастұз Су" ЖШС мен "Қарағанды Су" ЖШС) каналға 400 млн теңге және 700 млн теңге қарыздар болғанын түсіндірді. 1 млрд 100 млн теңге қарыздан болып жалақыны айтпағанда не салық төлеуге, не зейнетақы аударымын жасауға шамалары келмеген.

"Қарағанды Су" ЖШС қаржылық-экономикалық бөлімінің бастығы Наталья Филина бірнеше жылдың қарызын олар өздігінен жаба алмайтынын айтты. Олар тек ағымдық төлемдерді ғана төлей алады. Оларға жергілікті атқарушы биліктің көмегі қажет.

Уәдеден шаршаған халық өз мерзімдерін белгіледі. Егер де 20 сәуірге дейін жалақы қарызы жабылмаса олар қарсылық акциясын өткізеді. Адамдардың кейбірі аштық жариялайды. Ал ең бастысы олар елді мекендерге су жіберуді тоқтатады.

Алайда жұма күні оларды сәрсенбіге дейін акцияны өткізбеуге көндірудің сәті түсті.

Сәтбаев атындағы канал әлемдегі теңдесі жоқ құрылыс болып табылады. Ол 2003 жылы Париж қаласында апатсыз, үздіксіз және таза су беретіні үшін арнайы жүлдеге ие болған.

"Сәтбаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсіпорынында 2000 адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны