30.05.2013, 11:44 7101

Сәтбаевта 8 жасар қызды қағып кетіп, ЖКО орнынан қашқан жүргізуші ұсталды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 29 мамыр күні кешке қарай Сәтбаев қаласынан 1,5 км қашықтықта "Жезқазған-Сәтбаев" автожолында көлік қағып кеткен 8 жасар қыз баланың мәйіті табылды. Баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Сәтбаевта 8 жасар қызды қағып кетіп, ЖКО орнынан қашқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 29 мамыр күні кешке қарай Сәтбаев қаласынан 1,5 км қашықтықта "Жезқазған-Сәтбаев" автожолында көлік қағып кеткен 8 жасар қыз баланың мәйіті табылды. Баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Сәтбаев қаласы ІІБ жол полициясы бөлімінің қызметкерлері Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінде орналасқан гараждар массивінде 28 жасар жігіт басқарған "Мерседес Бенц-280" автокөлігі ұсталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ол кінәсін мойындап түсініктеме берген. Тергеу амалдары жалғасуда", - деп хабарлады полиция мамандары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны